07:56 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қыз терезеге қарап тұр

Жүргізушілер бесінші қабаттан құлап кеткен қызды қағып алды – видео

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
873 0 0

Бірнеше минутқа үйде жалғыз қалған бес жасар қыз терезеден құлап, өле жаздады. Абырой болғанда, куәгерлер абдырап қалмай, дер кезінде көмекке келді

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik.  Махачкалада бесінші қабаттан құлап кеткен қыз құтқарылды.

Соңы сәтті аяқталған оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

"Комсомольская правда на Северном Кавказе" жазғандай, бес жасар Айшат әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге шығып кеткен кезде үйде жалғыз қалады. Қыз терезеге шығып қарап тұрғанда, аяғы тайып кетіп, тақтайдан ұстап қалған.

Баланың өте қауіпті жағдайда қалғанын соңғы аялдамада тұрған бағдардағы автобустың жүргізушісі Тагир Магомедов байқап қалған. 

 Қызды көріп, ол жақын жерде орналасқан дәмханада отырған басқа жүргізушілерді айқайлап шақырады. Көмекке диспетчер Айдемир жүгіріп келген. Олар брезент тартуға үлгермей, құлаған кездегі салмақты барынша жеңілдетуге тырысады.

Қыздың жіліншігі шығып, терісі сыдырылып, көгеріп қалған.  Құтқарушылардың бірі Айдемир қолының сіңірін жарақаттап алыпты.

Бір минуттан кейін келген қыздың анасы баласының терезеден құлап кеткенін көріп, есеңгіреп қалды.

Дағыстан полициясы қыздың ата-анасы жазаланбайтынын, ал жүргізушілер марапатталатынын мәлімдеді.  


Тақырып бойынша

Терезеден құлаған сәбиді оқиға куәгерлері қағып алды
Қостанайда жаяу жүргінші 5-қабаттан құлаған баланы қағып алды
Кілт сөздер:
қыз, биіктен құлау, терезе, автобус жүргізушісі, Махачкала
Загрузка...

Басты тақырып