15:57 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
147601

Ішімдікке сылқия тойып алған екі жігіт әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған

АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында 40 жастағы әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған екі адам құрықталды. Ішімдіктен ұрттап алған олар қайғылы оқиғаға дейін бірге көңіл көтергенге ұқсайды.

Бұл жағдай Екібастұздағы пәтерлердің бірінде болған. Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз. Бір анығы, әйелді пышақтап өлтірген екеу оның денесін кілемге орап, қас қарайғанда сыртқа алып шыққан, деп хабарлады КТК.

 Мәйітті қоқысқа тастап, іздерін суытпақ болғанда оларды осы маңда өтіп бара жатқан жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері аңғарып қалған. Сөйтіп, оқиға орнына полицейлер жетіп, 21 және 28 жастағы қос жігітті құрықтаған. "Адам өлтіру" бабы бойынша айыпталған олар қазір уақытша қамау қапасында тергеліп жатыр. 


Тақырып бойынша

Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты
Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген адам ұсталды
Дарья Махартованы өлтірген адам жайлы ақпарат үшін 500 мың теңге беріледі
Шымкентте бүтіндей бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты
Кілт сөздер:
мәйіт, арақ, қылмыс, Екібастұз
Загрузка...

Басты тақырып