Өңірлер

Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті

© Photo : Hans KretzmannБетін жауып отырған қыз
Бетін жауып отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаға ұстатарлық оқиға күндіз мектеп маңындағы қараусыз жатқан үйде болған

ШЫМКЕНТ, 9 қаңтар – Sputnik. Шымкенттің полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жылап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте ерлі-зайыпты 3 жасар қызының балабақшада зорланғанын айтты
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қаңтарда жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызын зорлап кетті деп арызданған. 

Белгілі болғандай, Шымкентке қарасты ауылдардың бірінде мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен.

Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Зорланды деген оқушы қыздың әке-шешесі баланың қазіргі жағдайы мен оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. 

Қылмыстық іс қалалық полиция департаменті мен прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін Шымкентте ерлі-зайыпты балабақшалардың бірінде 3 жасар қызының зорланғанын мәлімдеген еді.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, Шымкентте 2018 жылы бала зорлау қылмысының саны 43-ке жеткен.

Жаңалықтар
0