Өңірлер

Павлодарда үш баланы әкесіз қалдырған қанішер тым жеңіл жазаға кесілді

© Photo : Pixabay / RepublicaЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Былтыр жазда жігітті өзінің танысы аяусыз өлтіріп кеткен болатын. Сот қылмыскерді прокурор сұраған жаза мерзімінің жартысына ғана бас бостандығынан айырды

ПАВЛОДАР, 12 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы үш баланың әкесін ұрлап, өлтіргені үшін айыпталған 29 жастағы Ақсу тұрғынын тоғыз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне қатысты сот: күдіктілердің біріне жедел жәрдем көмегі қажет болды

Істің материалы бойынша, 2018 жылдың 25 маусымында түнде Ақсу қаласындағы дәмханалардың бірінде бірнеше адам бас қосып отырады. Олардың бірі – Жандос Мұхаметжанов дастархан басында отырған Дәурен Мүбараковты аяқ асты бауырының өліміне айыптайды, негізінде бұл қылмысты жасағандар баяғыда ұсталып, бірнеше жыл жазасын өтеп жатқан болатын. Жігіт бұған наразылығын жасырмайды.

Сол кезде Мұхаметжанов оны бірнеше рет ұрып құлатады. Сотталушының ашуы мұнымен тарқамай, ол қарсыласын өлтірмек болған. Екінші бір жолдасымен жерде жатқан жігітті есікке қарай сүйрейді. Дәмханаға басқа келушілер оларды тоқтатпақ болған, бірақ ер азаматтар пышақпен бәрін қорқытып, жәбірленушіні сыртқа алып шығып, көліктің жүксалғышына тығады.

пышақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағандыдағы қанды оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны анықталды

Сөйтіп, ер адамды Май ауданындағы Баскөл ауылының бейіт басына алып барған. Мұхаметжанов жерден таяқ тауып алып, Дәуренді ұрып-соға бастапты. Жігіт сол жерде жан тапсырады.

Жандос Мұхаметжанов сол күні ұсталды. Екінші күдікті қашып кетті, оны әлі іздеп жатыр.

Мұхаметжановқа екі бап бойынша айып тағылған — кісі ұрлау және өлтіру. Ол істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады. Олар да сотталушыны айыпты деп таныған.

Прокурор айыпталушыны  19 жылға соттауды сұраған болатын. Алайда судья қанішерді небәрі тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

сотталған бала анасымен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бүкіл елді дүрліктірген оқиға: Абайда зорланған баланың ісі бойынша үкім шықты

Жәбірленуші тараптың материалдық шығын ретінде 1 миллион 200 мың теңге сұраған арызы толығымен қанағаттандырылды. Моральдық шығын ретіндегі бес миллион теңгелік арыз жартылай қанағаттандырылған — сотталған азамат өлтірілген жігіттің отбасына 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Үкім шыққан бойда Дәурен Мүбараковтың туыстары жазаның тым жеңіл болғанына ашынып, жылап жіберді.

"Әділдік қайда? Бәріңді сатып алған!" — деп айғайлады қаза тапқан жігіттің анасы.

Судья үкімді еш сыр білдірмей оқуға тырысты, бірақ оның дауысы естілген де жоқ.

Соттан кейін марқұмның туысы тілшілерге сұхбат берді.

"Біз үкіммен келіспейміз. Дәуренді ұрлап, аяусыз өлтірген, 125 рет ұрған", — дейді марқұмның әйелі Зарина Мүбаракова көз жасын тыя алмай. — Прокурор 19 жыл сұрады, біз тым құрыса 15 жыл беретін шығар дедік, ал енді небәрі тоғыз жылға… Ол үш баланың әкесін ұрлап өлтірді емес пе".

Жәбірленуші тарап үкімге шағым түсірмек.

Сонымен бірге қаза тапқан Дәуреннің туыстары айтқандай, іздеудегі күдікті – сотталған қанішердің сыбайласы қалада емін-еркін жүр.

Жаңалықтар
0