21:39 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Пышақ

Ақтөбедегі оқушылар төбелесі: жасөспірімнің жүрек тұсына пышақ сұққан

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
326 0 0

Дәрігерлер оқушыны ажал аузынан алып қалды, бірақ мүгедек болып қалуы мүмкін

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Ақтөбеде бірнеше мектеп оқушылары арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласып, жасөспірімдердің бірі жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, өлім аузынан қалды.

Төрт мектептің білім алушылары арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз. Бейбіт басына есеп айырысуға жиналғандардың бәрі бірдей құр қол келмеген көрінеді. Төбелес кезінде жасөспірімдердің біріне пышақ сұғылған, деп хабарлайды "Первый телеканал "Евразия".

Ер бала ауыр халде мектепке өз аяғымен жеткен, алайда білім ордасының басшылығы жедел жәрдем шақырып, не болғанын сұраудың орнына, оқушыны таксиге отырғызып үйіне қоя береді.

Баланың әкесі мұғалімдердің бұл қылығына ашулы.

"Ол өлген жоқ қой, неге сонша байбалам саласыз дейді. Сонда өлуі керек пе еді?", — дейді  Нұрлан Теңелов.

Дәрігерлер айтқандай, оқушының жарақатты ауыр болған әрі пышақ жүрекке бір сантиметр жақын өтіпті. Ер бала қансырап жан тапсыруы мүмкін еді.

"Пышақ кәрі жілік жүйкесіне зақым келтірген. Шұғыл ота жасалды", — деп түсіндірді нейрохирург Саслан Өтегенов.

Әзірге полицияға белгілі мәлімет бойынша, төбелеске төрт мектептен қырық оқушы қатысқан. Жанжалдың себебі әлі анықталған жоқ. Бірақ төбелеске қатысқан бірнеше бала ұсталды. Олардың арасында жәбірленушіге пышақ сұқты деген күдікті де бар.

Қазір Ақтөбе полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тақырып бойынша

Қарағандыдағы төбелес: қашқын Армения азаматына қатысты тың ақпарат шықты
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты
Ақтауда түнгі клубтың жанындағы төбелес атысқа ұласа жаздады – видео
Тұрғындар артық ақша таратқан банкоматтың алдында төбелес шығарды
Автобус ішіндегі төбелес 13 адамның өліміне алып келді - видео
Таразда жаппай төбелес болып, жас жігіт көз жұмды
Кілт сөздер:
мектеп, оқушылар, жанжал, пышақ жарақаты, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып