07:53 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Сәби

"Шымкент – Алматы" пойызында жас келіншек босанып қалды

CC0 / bingngu93
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
55 0 0

Әйелді босандырып алған жолсерік пен пойыз басшысы алғыс жарияланады

ААСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Дүйсенбі 14 қаңтар күні Шымкент – Алматы бағдарлы пойызда жас әйел босанды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Айгүл Жүзбаева жүктіліктің тоғызыншы айында пойызбен Алматыға жол тартыпты, көп ұзамай жас әйелдің толғағы басталған. Вагонның жолсерігі Дәурен Байменов пен пойыз бригадасының басқа қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, жолаушыны босандырып алды. Айгүл қыз баланы өмірге әкелді.

Таразда жас ананы сәбиімен бірге перзентханаға жеткізген. Анасы мен қызының жағдайы жақсы. Әйел босануға көмектескен пойыз қызметкерлеріне зор алғысын білдіреді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбеков атап өткендей, пойыз басшысы Нұрманәлі Нұрманбет пен жолсерік Дәурен Байменовке алғыс жарияланады.

Айта кетсек, былтыр пойызда он нәресте жарық дүние есігін ашқан.

Тақырып бойынша

Қазақстандық жолсеріктер пойызда толғағы қысқан әйелді босандырып алды
"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр
Жүйке дертіне шалдыққан адам пойызда кісі өлтірді
Алматыға бара жатқан пойызда әйел адам қайтыс болды
Кілт сөздер:
босану, жолсеріктер, сәби, пойыз, жүкті әйел, Шымкент, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып