05:33 29 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD380.84
  • EUR419.50
  • RUB6.05
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
896 0 0

Виктория Берікқожаевға қатысты іс Алматы облысы Іле аудандық сотына жіберілді

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Трансгендер Виктория Берікқожаева түрме қызметкерлеріне қатысты күш қолданбақ болды деп айыпталды.

Әйелдің ісі сотқа 11 қаңтарда түскен, алайда бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ, деп хабарлады Алматы облыстық соты Sputnik Қазақстанға.

Берікқожаеваға қылмыстық кодекстің 429-бабы 2-тармағы (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіру) бойынша айып тағылған.

"Іс Алматы облысы Іле аудандық сотына жіберілді", — деп хабарлады мекеме.

Аталған баптың 2-тармағы бойынша адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану үшін үш жылдан жеті жылға дейін жаза мерзімі тағайындалады.

Виктория Берікқожаеваның ісі

2016 жылы Виктория Берікқожаева (бұрын Кәрімжан Берікқожаев болған) Алматы дәмханаларының бірінде ұсталды. Істің материалы бойынша, ол жынысын ауыстырғаны туралы жайып саламын деп басқа бір трансгендерді қорқытып, ақша бопсалаған.

2017 жылы Виктория Берікқожаева айыпты деп танылды. Оны жеті жылға бас бостандығынан айырып, әйелдер түрмесіне отырғызған болатын.

Былтыр құқық қорғаушы Айман Умарова Виктория Берікқожаеваға түрмеде күн көрсетпейтіні туралы жазған болатын. Умарованың айтуынша, мекеменің санитарлық бөлімі қызметкері қызға бірнеше рет тіл тигізгені үшін, трансгендер оның погонын жұлып алыпты.

Тақырып бойынша

"Асырайтын ерім бар". Жынысын ауыстырғысы келетін жігіт қалай күн көретінін айтты
Петропавлда ер адам жынысын ауыстырды
Кілт сөздер:
күш қолдану, түрме, трансгендерлер, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып