08:04 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қартаң әйел, архивтегі фото

"Жылап үш күн жүрдім" Қылмыскерлер Шелек ауылын үрейде ұстап отыр

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2129 0 0

Алматы облысында ұрыларға жем болған жұрт наразылық білдірді

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Алматы облысы Шелек ауылының тұрғындары ұрылардың әбден басынғанын айтып, араша сұрады. 

Түн жамылып қораға түсетіндер енді күндіз де тонауды шығарыпты. Ал баукеспелерден зардап шегіп жатқан көбіне жесір әйелдер мен бала-шағасы қалада тұратын қарт кісілер екен. Әсіресе соңғы уақытта өрши түскен бассыздықты айтып тұрғындар талай мәрте полицияға шағымданған. Десе де, бірде бір ұры ұсталмаған, деп хабарлады КТК.

Маленұр Бишарованың ұрылар 8 қойы, үш бірдей бұзаулы сиыры мен бұқасын алып кеткен. Күдіктілер қораға қабырғаны тесіп кіріпті. 77 жастағы кейуана қаскөйлердің үйін бұзып, бүкіл малын жетектеп кетіп бара жатқанын естіген. Бірақ қорқып, үндей алмапты.            

"Үйге түсіп, алтын жүзіктерді ұрлап жатыр. Ешнәрсе таппаса,  кілемдерді алып кетеді", — дейді Шелек ауылының тұрғыны Маленұр Бишарова.

Ал Бақтынұр Сүлейменова үйіне түскен ұрыларды көрген. Тіпті, таныған да екен. Төрт баласы бар жесір әйел түнде далаға шығып, оларға қарсы келуге батпаған. Ертесіне алып ұшып полицияға барса, ондағылар саусақ ұшын да қимылдатпады дейді.      

"Мен көшеде жылап үш күн жүрдім. Бір ауылда тұрып, біреудің жаны ашымайды. Қол ұшын беретін адам жоқ. Біз тиын сұраған жоқпыз полициядан. Бізге ұрлаған адамды ұстап берсін!", — деп талап етті Бақтынұр Сүлейменова.

Ал қолды болған малды ұрылар алысқа бармай-ақ ауылдың ішіндегі қаңырап бос тұрған үйдің қорасына әкеліп, сойып ала беретін болған. Тұрғындар мұнда талай мәрте ешкінің де, қойдың да жүнін тауыпты.

Полиция ұрлықтың жиілегенін мойындап отыр. Айтуларынша, соңғы бір жылда ауылда 157 ұрлық тіркелген. Тең жартысы әлі ашылмапты. 


Тақырып бойынша

Алматыда әйелдерді ғана тонайтын ұрылар ұсталды
Қордай ауылын үрейде ұстаған қанды қол қылмыскерлер ұсталды
Кілт сөздер:
ауыл, ұрлық, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып