10:19 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Архивтегі фото

"Өзіме қол салуға мәжбүрмін" Сот үкімін тыңдаған қылмыскер қиғылық салды

© Sputnik / Алексей Вовк
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
374 0 0

Жамбыл облысында ұзақ мерзімге сотталған жігіт өзіне қол саламын деп сес көрсетті

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында тұтас бір аудан жұртын үрей құшағында ұстаған қылмыскерлерге сот үкім кесті. 

Үйлерді тонап, үш адамды зорлап, әрі 68 жастағы зейнеткерді мерт қылған қаскөйлердың алды 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады КТК.

Сотталушының бірі туберкулездің ашық түрімен ауырады. Сол дімкәс Денис Куцевой залда қиғылық салды. Бақандай 17 жыл арқалаған ол үкіммен келіспейтінін айтып, өзіне қол саламын деп сес көрсетті.

"Үкіммен келіспейтіндіктен өзіме қол салуға мәжбүрмін, өйткені прокурормен бірге істі әділ қараған жоқсыздар. Бас прокурор Қожамжаровтың атына арыз жазылды", — деді сотталушы.   

Атышулы іске үш қаскөйдің қатысы бар. Алды 19, екіншісі 17, соңғысы 14 жылға түрмеге қамалатын болды. Бұларға тонау, қарақшылық барысында абайсызда адам өлтіру және топ болып кісі зорлау баптары бойынша айып тағылған. Белгілі болғанындай, екеуі екі әйелді кезек-кезек ермек қылса, біреуі жасөспірім қызға қиянат жасаған. 

Айта кетейік, осы сұмдық қылмыстарды сотталушылар бір-ақ күнде жасаған. Енді жазықтылар ұзақ мерзімге түрмеге жабылуымен қоймай, жәбірленушілерге моральдық және матералдық шығын есебінде 5 миллион теңге төлеуі тиіс. 

 

 

Тақырып бойынша

"Өлтірген жоқпыз" - Денис Теннің өліміне күдіктілер сотта жауап берді
Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Әйелінің кесірінен бүйрегінен айырылған Талдықорған тұрғыны сотта жарына кешірім берді
Кілт сөздер:
зейнеткер, қылмыскер, прокурор, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып