17:14 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Полиция

Өскемен тұрғыны ұйықтап жатқан полицейлерді оятты

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1908 0 0

Қала тұрғыны көше бойында жол патрульдік полиция қызметкерлерінің ұйықтап отырғанын көріп қалған

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Өскеменде жол патрульдік полиция қызметкерлері қаланың қақ ортасында қызметтік көліктерінде ұйықтаған. Ал енді бір полицейлер тротуарға көліктерін қойып, жаяуларға кедергі келтірген. 

Заң алдында бәріміз бірдейміз. Осы ұстаныммен жүретін өскемендік Руслан Тілепов жоғарыда айтылған жағдайларды ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған.

"Таңғы 6:46 шамасында Мызы көшесінің бойында жол патрульдік полиция қызметкерлерінің ұйықтап отырғанын көріп қалдым. Бұл бірінші рет емес. Осыған дейін де ұйықтап жатқандарын түсірген едім. Бар ойым полицейлер өз қызметтеріне лайықты болса екен", – дейді Руслан Тілепов.

"Ол тәртіп сақшыларына ақыл айта жүріп түсірген видеосын altaynews.kz редакциясына жіберіпті. 

Русланның көздегені – полицейлерді кемсіту емес, керісінше сын айтып, міндерін түзеу.

  Дәл осы күні Өскеммендегі Сәтпаев даңғылы 14/2 үйдің жанында Русланның бейнекамерасына полицейлердің тағы бір тәртіпсіздігі ілінеді. Ол тротуардың дәл үстінде тұрған полиция көлігі еді.

"Екі жағдай бойынша да құқық қорғау қызметкерлеріне арыздандым. Тиісті шара қолданылатын шығар", – дейді Руслан.


Тақырып бойынша

Қостанай облысында полицей парадан бас тартты – видео
Полицей 27 жастағы қызды таксиден түсіріп, қызметтік көлігінде зорлап тастады
Полицей күдіктілердің Денис Тенді өлтіріп жатқанын көрген
Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды
Талдықорғанда "полицей" қонақүй қызметкерінен ақша бопсалаған
Кілт сөздер:
ұйқы, видео, полиция, Өскемен
Загрузка...

Басты тақырып