Өңірлер

Қазақстанда белгілі газеттің басшысы қайтыс болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуГүл
Гүл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырауда "Ақ Жайық" басылымның негізін қалаушы Әбділдә Мұқашев өмірден озды

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Еліміздің батысына белгілі "Ақ Жайық" газетінің редакциясы Әбділдә Мұқашевтың қайтыс болғанын хабарлады. 

Жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақтың қабырғасы қайысқан күн: 2018 жылы дүниеден озған тау тұлғалар

"Ақ Жайық" ЖШС және редакция ұжымы, сондай-ақ марқұмның туған-туысқандары газетіміздің негізін қалаушы, кәсіпорын басшысы Әбділдә Рахмеджанұлы Мұқашевтың 59 жасқа қараған шағында ауыр науқастан мезгілсіз қайтыс болғаны жөнінде қайғырып хабарлайды", — деп жазылған басылымның сайтында.

 Марқұммен қоштасу және жаназа рәсімі 29 қаңтар күні сағат 9-да Атырауда "Ақ Жайық" ЖШС кеңсесінде өтеді.    

"Ақ Жайық" басылымы Қазақстанның мұнай астанасының бас газеті саналады. Газет 1991 жылдан бастап шығады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда "Казахстанская правда" республикалық газетінің меншікті тілшісі Валерий Мерцаловтың дүниеден озғаны белгілі болды. 


Жаңалықтар
0