20:21 25 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.38
  • EUR431.05
  • RUB6.02
Медеу мұз айдыны

Мұз айдынындағы төбелес: Ақтөбе облысында мектеп оқушысы көз жұмды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
495 0 0

Мектеп директорының айтуынша, жасөспірімді аяғынан 11-сынып оқушысы өзін қорғау мақсатында жарақаттаған

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар қаласында болған төбелестен кейін мектеп оқушысы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, оны жасөспірім жарақаттаған.

Екі ауданның балалары сенбі күні мұз айдыны ашылған Шалқар көлінде төбелес шығарды, деп жазады өңірлік "Диапазон" басылымы. Осы кезде мектеп оқушыларының бірін аяғынан пышақпен жарақаттаған.

"Жасөспірім аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Біздегі мәлімет бойынша, бұл қорғану әрекеті болды. Қазір болған жағдайға байланысты күдікке ілініп отырған оныншы сынып оқушысы футболмен, баскетболмен айналысады, өзі жақсы оқиды", — деді №6 мектеп директорының қызметін атқарушы Әлия Оспанова.

Тағы оқыңыз: 

Марқұм жасөспірім бокспен айналысқан. Шалқарға көшіп келгенге дейн Ақтөбедегі спорттық шеберлік мектебінде білім алған.

Облыстық полиция департаменті әзірге болған жағдайға қатысты еш мәлімет бермеді.

Әлия Оспанованың айтуынша, ата-аналар көпшілік демалатын орындарда полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыруды сұрап отыр. Ол жуырда мұз айдынында құлаған 11-сынып оқушысының құлағын конькимен байқамай кесіп кеткенін айтты. 

Айта кетсек, ішкі істер министрлігі жасөспірімдер ісі жөніндегі комитеттің шұғыл отырысын өткізуді ұсынды. Бұған жасөспірімдер арасында төбелестің көбейіп кетуі себеп. Қаңтар айында Түркістан облысында жоғары сынып оқушылары өздерінен кіші балаларды тізерлетіп отырғызып, басынан ұрған. Ал Қарағандыда пиццерияда орын бергісі келмеген 11 жасар баланың соққыға жығылғаны белгілі болды. Сондай-ақ, полиция Қызылордада бір жыл бұрын қатарласын дәретханада ұрып-соққан оқушыларды қолға түсірді.

Тақырып бойынша

Түркістанда оқушыларды ұрып-соққан жасөспірімнің анасы кешірім сұрады
Алматы облысында химия сабағынан кейін оқушылар ауруханаға түсті
Қазақстанда оқушылар 13 адам өлтірді
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар суға батып кетті
Кілт сөздер:
ата-ана, жасөспірім, төбелес, оқушы, полиция, Ақтөбе облысы
Загрузка...

Басты тақырып