21:14 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Полиция

"Темекі емес" Полиция жұрттың наразылығын тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Евгений Одиноков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
506 0 0

Құқық қорғаушылардың сөзіне сүйенсек, патруль көлігіндегі полицей темекі лақтырған жоқ, "түбіртек қолынан ұшып кетті"

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Полицей көлігінен темекіге ұқсас зат жерге тасталған атышулы видеоға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

Роликті "Лада" жергілікті газетінің оқырмандары "Народные новости" (Халық жаңалықтары) бөлімінде "Моего мужа за это оштрафовали" (Күйеуіме сол үшін айыппұл салған) деген жазбамен жариялапты.

Өңірдің құқық қорғаушыларының айтуынша, әріптесі темекіні тастаған жоқ, шын мәнісінде кішкентай қағаз қолынан ұшып кеткен.

"Түбіртек болатын. Қызметкеріміз әйелінің телефон нөміріне ақша салып жіберген, түбіртегі терезеден ұшып кетіпті. Ол бірден түсіп, қағазды көтерді", — деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Бірақ кадрларда "түбіртек" жерге түскен соң, полиция көлігі қозғалып кетеді. Тәртіп сақшысының қоқысты қашан көтергені белгісіз.

Тақырып бойынша

Қазнетте тараған төбелестің видеосына министрлік түсініктеме берді
Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді
ҚМДБ желіні шулатқан мас молданың видеосына қатысты түсініктеме берді
"200 адам төбелеске шықты" Полиция Ақтөбедегі "разборкаға" қатысты түсініктеме берді
Кілт сөздер:
атышулы оқиға, видео, патрульдік көлік, полиция, Маңғыстау облысы
Загрузка...

Басты тақырып