23:20 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Жігіт

Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
387 0 0

Із-түзсіз жоғалып кеткен Елдос Дүйсеновті тоғыз күннен бері іздеп жатыр

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысының полиция департаменті қызметкерлері ізім-ғайым жоғалып кеткен 23 жастағы жігітке іздеу жариялады.

Қостанай полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде 1995 жылы туған Дүйсенов Елдос Дәуренұлының жоғалып кетуіне байланысты іздеу ісі қозғалды, деп хабарлайды alau.kz порталы.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың 20 қаңтарында 23 жастағы жігіт үйден шығып, қайтып оралмаған. Туыстары Елдоспен хабарласа алмай қояды.

Сырт келбеті: Бойы 180-185 сантиметр, арық денелі, қоңыр көзді, қара шашты. Жоғалып кеткен күні үстіне көк спорттық аяқ киім, қара түсті күрте киген.

Ерекше белгілері: Сол иығында татуировканың орнында қалған тыртық бар. Жүрек тұсында иероглиф пішіндес татуировка салынған.

Жас жігіттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарласа аласыз: 8 702-492-99-92, 8 747-655-21-63, +7 (7142)52-68-61 немесе 102.

Тақырып бойынша

Астанада қатты аязда сәби сырт киімсіз далаға шығып, жоғалып кетті
Ер адам елу жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін үйінің жертөлесінен тапты
"Ғалам аруы" атағына үміткер қыз байқауға бара жатып жоғалып кетті
Тойда күйеу жігіт жоғалып кетті, не болғаны жарты сағаттан соң анықталды
Қазақстанның оңтүстігінде із-түзсіз жоғалып кеткен қыз табылды
Оралда 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті
Кілт сөздер:
жоғалып кету, жас жігіт, полиция, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырып