12:31 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Архивтегі фото

Шымкентте полицейдің өліміне себепші болған дәрігерге сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу Жумагулова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Шымкент жаңалықтары (57)
151 0 0

Ішкі істер департаментінің қызметкері екпе салу кезінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған

ШЫМКЕНТ, 29 қаңтар — Sputnik. Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты "Меру-Ис" жекеменшік клиникасында дәрігердің қолынан қайтыс болған қалалық полиция департаменті қызметкерінің ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбидің айтуынша, клиниканың уролог дәрігері Нұрлан Мұсабеков өзінің кәсіптік міндеттерін  тиісінше орындамаған.

 30 жастағы полицейге дұрыс ем-дом жасалмауы салдарынан науқас жекеменшік клиникада қайтыс болған.  

Судья Еркін Оспанов дәрігер Нұрлан Мұсабековті Қылмыстық кодекстің 317-бабымен ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеп, үш жыл медицина саласында жұмыс істеу құқұғынан айырды. Сонымен бірге, жүз сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. 

Қабыл Дүйсенбидің айтуынша, сотталушы кінәсін толық мойындап, шын өкінген.  Ол бұрын-соңды сотталмаған, кәмелет жасқа толмаған алты баласы бар.

Бұдан бұрын қайтыс болған марқұмның туыстары айыпталушыға кешірім берген. Айыпталушы марқұмның отбасына моральдық және материалдық шығынын өтеген. 

25 қыркүйекте Шымкенттегі жекеменшік клиникалардың бірінде қалалық ішкі істер департаментінің қызметкері екпе салу кезінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Марқұмның туыстары оған екпе егуден алдын дәрігерлер сынама жасамағанын айтып шағымданған.


Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)

Тақырып бойынша

Зертхананың қателігінен бір отбасының ойраны шықты
Дәрігерлер қателесіп сау аяғын кесіп тастаған зейнеткер көз жұмды
Дәрігерлер қателесіп науқастың екі бірдей бүйрегін алып тастады
Астанада дәрігерлер қателесіп әйелдің омырауын кесіп тастаған
Кілт сөздер:
үкім, сот, полицей, дәрігер, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып