Өңірлер

Қостанай облысында екі әйел үсіп өлді

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуСолнце садится в большое облако — ночью возможен буран
Солнце садится в большое облако — ночью возможен буран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді қадағалап отыруға кеңес берді

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қостанай облысының Денисов және Әулиекөл аудандарында екі адам үсіп өлді, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Облыста температураның төмендеуіне байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою үшін жол ұйымдарының, азаматтық қорғаныс және ішкі істер органдарының өкілдері кіретін шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр, деп жазды alau.kz.

"Қостанай облысында Денисов және Әулиекөл аудандарында 1990 және 1968 жылы туған екі әйелдің үсіп өлгені жайлы деректер бар", - деп хабарлады ведомстводан.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді қадағалап отыруға кеңес береді, қатты қажеттілік болмаса сыртқа шықпаған жөн және балаларды серуендеуге жібермеу керек.

Ақмола облысында үйден зейнеткер мен ұлының денесі табылды

Автокөлік иелері мүмкіндігінше алыс жолға шығудан бас тартып, көлікті төмен температураға дайындау қажет. Ал егер ұзақ жолға шығуға тура келсе, жылы киімдеріңізді алып жүріңіз. Мұның бәрі сақылдаған аязда қиындықты болдырмауға көмектеседі.  

Жаңалықтар
0