15:53 22 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.05
  • EUR428.25
  • RUB5.84
Көп балалы аналармен кездесу

Көп балалы аналар Қызылорда әкімдігіне жиналды – видео

предоставлено пресс-службой акимата Кызылорды
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2356 0 0

Әйелдер қызбалықпен өз талаптарын қойды, ал әкімдік қызметкерлеріне олардың сөзін соңына дейін тыңдауға тура келді  

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қызылордада 250 көп балалы ананың қала және облыс басшылығымен кездесуі өтті.

Ашық есік күніне Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен оның орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Желіде әкімдік қызметкерлерінің облыс аналарымен сөйлескен сәтінен видео жарияланды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AtyrauTelegram (@atyrautelegram)

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылдауға көп балалы аналардан бөлек, жалғызбасты аналар да келді. Әйелдер талабын қойғаннан кейін, тараптар айқай-шумен проблеманы шеше алмаймыз деген қорытындыға келді.  

"Әйелдерге облыс әкімінің орынбасарлары мен Қызылорда әкіміне өздерінің барлық тілегін қалдыруды ұсындық", - дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов.

Әйелдерді толғандырған басты проблема – "көп балалы ана" және "жалғыз басты ана" санаттарын тегін тұрғын үймен қамтамасыз етіп, бірқатар жеңілдік жасау. Әйелдер коммуналдық қызметтерге, салық төлемдеріне жеңілдік жасап, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктер көлемін арттыруды сұрады.

Қалалық әкімдіктегілер келген әйелдердің әрқайсының арызын қабылдап, жеке-жеке жауап беруге уәде берді. Қазір Қызылорда облысында 35 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады.

Астанада өрт кезінде балалар қаза тапқаннан кейін 6 ақпанда 60-қа жуық көп балалы ана көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті. Нәтижесінде әйелдер қала әкімдігі өкілдерімен кездесуге қол жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың басшылығымен көпбалалы отбасылардың тұрмысын жақсарту үшін жұмыс тобы құрылды.   

Тақырып бойынша

Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр
Астанада көп балалы аналар көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті
Назарбаевтың тапсырмасы: көп балалы отбасыларды қолдау күшейтіледі
Кілт сөздер:
баспана, Қызылорда облысы, көп балалы отбасы
Загрузка...

Басты тақырып