14:47 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Операция

Шымкенттегі жарылыс: дәрігерлер зардап шеккен тұрғынның қол-аяғын кесуге мәжбүр болды

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1321 0 0

Тұрғын үйде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауыр хәлде ауруханада жатыр

ШЫМКЕНТ, 11 ақпан – Sputnik. Дәрігерлер Шымкенттегі тұрғын үйде болған жарылыстан зардап шеккен екі адамның хәлі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Зардап шеккендердің бірі 1984 жылы, екіншісі 1998 жылы туған.

"Сағат 11.10 шамасында ауруханаға жарақат алған екі науқасты алып келді. 84 жылғы науқастың сол аяғының тізесінен төмен және сол қолының шынтағынан төмен бөлігіне ампутация жасалды. Қазір науқас жансақтау бөлімшесінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Ал 98 жылғы науқастың сол аяғының сүйегі сынған, оған бірінші медициналық көмек көрсетілді, қазір жарақат бөлімшесінде ем қабылдауда. Жағдайы ауыр", - деді бірінші қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Шымкентте Забадам шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, салдарынан екі адам зардап шекті.

Оқиға орнын полицейлер қоршап, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен әскерилер барды.  

Тұрғындардың айтуынша, жарылыс болған үйде жас отбасы үш баласымен бірге тұрады. Таңертең әйелі жұмысқа, екі бала балабақшаға, біреуі мектепте кеткен.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оның себебі анықталып жатыр.

Тақырып бойынша

Ұрпақсыз жүргеніне күйінген шымкенттік жыныс мүшесін кесіп тастады
Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Жас жігіт байқаусызда қолын арамен кесіп тастады
Террористер турист қыздардың бірінің басын кесіп, екіншісін бауыздап тастады
Дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады
Кілт сөздер:
жарылыс, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырыптар