14:03 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Архивтегі фото

Құрылысшыларды қорқытқан: Ақтаудың бас судьясы қызметінен қуылды

© Sputnik / Владимир Астапкович
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
52201

Маңғыстау облыстық соты төрағасының өкімімен Гүлмаржан Әділсұлтан Ақтау қалалық соты төрағасының міндетін уақытша атқарады

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев сот әдебіне жат әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылды.

Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Шешімді 7 ақпанда судьялар алқасының тәртіптік комиссиясы қабылдады. Комиссия Каспий теңізі жағалауында коттедж салу кезінде Мәлік Кенжалиев Өзбекстан азаматтарын жалдағанын анықтады.

"Екі жыл бұрын жұмыс беруші атқарылған жұмысқа 3,6 миллион теңге төлеуге келіскен, алайда жартысын ғана төлеген, 1,8 миллион теңге қарыз болған. Бригадир судьядан бірнеше рет телефонмен және SMS арқылы қалған соманы қайтаруды сұраған. Бірақ судья төлеуден бас тартып, құрылысшыларды балағаттап, түрмеге отырғызамын деп қорқытқан", - деп түсіндірді басылым.

Облыстық соттың баспасөз қызметі Судьялардың әдеп кодексінің 1-бабына сәйкес, судья өзінің антына адал болуы, этикалық нормаларды қатаң сақтауы және сот билігінің беделін төмендететін және судьяның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуы тиіс деп атап өтті.  

Тақырып бойынша

Ақтөбеде бүйрегін ауыстырған науқасқа көмектескен шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін
Даулы видеодан кейін Қарағанды академиясының басшысы да жұмыстан қуылды
Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды
Астанадағы элиталы мектептен шетелдік қылмыскер мұғалім қуылды
Кілт сөздер:
судья, құрылысшы, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырыптар