19:03 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00

Талдықорғанда Ауған соғысының ардагері жұрт алдында әскери наградасынан бас тартты

© Sputnik / Andrey Solomonov
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3170 0 0

Ардагер тұрғын үй кезегінде тұрғанына 29 жыл болғанын, дәл қазір апатты үйде тұрып жатқанын мәлімдеді   

ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 ақпан — Sputnik. Талдықорғандық Ауған соғысының ардагері Талғат Мамыраев мемлекет басшысына арызданып, жұрт алдында өз медалінен бас тартты, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

 Әлеуметтік желілерде Талдықорған мейрамханаларының бірінде түсірілген видео таралды, іс-шара Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30-жыл толуына орайластырылған болуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

Онда интернационалист-жауынгер Талғат Мамраев 29 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтқан. Қазір оның тоғыз адамнан тұратын отбасы 50 шаршы метрлік апатты үйде тұрады екен.

"Тексеру актісі бар, алайда соған қарамастан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық "Тұрғын үй туралы" заңды өз бетінше түсіндіріп, өздерінің түзетулерін енгізе отырып, мені кезектен алып тастады. Дегенмен олар сондай ақылды болса, неге тұрғын үй кодексін, атап айтқанда,117 және 118 баптарды соңына дейін оқымайды? Сондықтан еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үндеу жасап отырмын. Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік қорғау бойынша жарлықтар мен заңдар қабылдап жатқаныңыз үшін Елбасы сізге рахмет айтамын, алайда жергілікті билік органдары мен шенеуніктер сіздің заңнамалық актілеріңізді елемей отыр", - деп атап өтті Мамыраев.   

 Ол сөз сөйлеп жатып "Ауған халқынан алғыс" медалін киімінен алып тастайды.

Алматы облысының әкімдігі интернационалист-жауынгерлер өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде зор үлес қосып, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысатынын атап өте келе, ардагердің әлеуметтік желілерде тараған сөзіне жауап берді.

"Ауған соғысының ардагері Талғат Әділханұлы Мамыраевтың сөзіне қатысты мынаны хабарлаймыз. Ертең Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев ардагерді қабылдайды. Осы мәселені зерттейтін жұмыс комиссиясы құрылады", - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ол сондай-ақ әкімдік ардагерлерді қолдау бойынша барлық кешенді шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Тақырып бойынша

АҚШ Ақтау және Құрық порттары арқылы Ауғанстанға жүк тасымалдайды
Қазақстан Ауғанстанға 100 мың доллар бөлді
Назарбаев: Ауғанстанға азық-түлік жеткізетін негізгі елдердің бірі болуға әзірміз
Кілт сөздер:
медаль, соғыс, баспана, Ауғанстан
Загрузка...

Басты тақырып