Өңірлер

"Қар және боран": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері Қазақстанға бір циклонның орнына екіншісі жетіп, ауа райы құбылмалы болмақ

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 2019 жылдың 19-21 ақпан аралығына ауа райы болжамын ұсынды.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Метеоқызметтің мәліметіне сүйенсек, елімізден бір циклон кетіп үлгермей, Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік өңірлерінен атмосфералық фронттармен бірге келесі циклон асығып жетеді. Сол себепті алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран және екпіні күшті жел соғады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жылбысқы қар жаууы ықтимал, кей жерде тіпті мол түсіп, тұман мен көктайғақ болады.

Ауа температурасы бұрынғыдан сәл төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары болмақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

19 ақпанда Астанада түнде 7 градус аяз болса, күндіз сынап бағанасы 0 градусты көрсетеді. Алматыда түнде 5 градус аяз болса, күндіз -1 градус болады. Шымкентте түнде +1 градус, күндіз 11 градус жылы болады.

20 ақпанда елордада түнде 3, күндіз 5 градус аяз болады. Оңтүстік астанамызда түнде ауа температурасы -2 градус болса, күндіз 2 градус жылылықты көрсетеді. Шымкентте түнде +5 градус, күндіз тек 1 градус жылы болады.

21 ақпанда Астанада түнде ауа температурасы -9 градус болса, күндіз -6 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде -4 градус, күндіз -5 градус болады. Шымкентте түнде 3 градус, күндіз 2 градус аяз болады.

Жаңалықтар
0