16:19 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Ана мен сәбиі

"Дәрігерлер шарасыз еді": Жезқазғанда жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды

CC0 / bingngu93
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1888 0 0

Дәрігерлер ана мен баланың өміріне араша түсе алмады

ҚАРАҒАНДЫ, 20 ақпан — Sputnik. Жезқазғанда жүктілігінің жетінші айында кенет ауырып қалған әйел мен жаңа туған сәбиі көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, дәрігерлер ана мен баланың өміріне араша түсуге шарасыз еді.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев жас босанған ана мен сәбиінің өліміне не себеп болғанын түсіндірді.

"Әйелдің жалған толғағы келіп, ауруханаға жеткізілген. Келесі күні қан қысымы күрт төмендеп кетті, - деп мән-жайды түсіндірді Ержан Нұрлыбаев. – Әйелге шұғыл ота жасалған. Бірақ, өкінішке орай, аман алып қалу мүмкін болмады, ол гемморагиялық шоктан қайтыс болды. Кесар тілігін жасағаннан соң, сәбиі де шетінеп кетті, себебі анасы көп қан жоғалтқан. Мәйітке сот-медициналық сарапшылар сараптама жүргізді, оның нәтижесіне ешқандай қатысымыз болған жоқ. Әйелдің ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды – бүйрек қантамырының аневризмасы, яғни ол иілгіштігін жоғалтқан".

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтқандай, мұндай асқынудың алдын алу мүмкін емес. Аневризма ота кезінде анықталуы мүмкін, бірақ оның жарылып кетуінің алдын алу үшін толық тексеруден өткізіп, МРТ-ға түсіру қажет. Аневризма – белгілері жоқ дерт, оның үстіне, науқастың анамнезінде бүйрек сырқаты туралы жазылмапты.

"Аорта екі сантиметрдей жарылып кеткен. Демек, науқас өте тез қан жоғалтты. Қазір қылмыстық тергеу жүріп жатыр, өйткені, хаттамаға сәйкес, науқас көз жұмса, міндетті түрде тергеу басталады. Туыстары дәрігерлерді айыптап отырған жоқ. Өкінішке орай, мұндай жайтты дәрігерлеріміз алдын ала болжап біле алмайды әрі науқасты аман алып қалу да мүмкін емес", - деп атап өтті өңірдің бас дәрігері.

Марқұм ананың жасы 35-те еді, ол 18 ақпанда ота үстінде қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Астана перзентханасында тағы бір әйел сәбиінен айырылды
Мас дәрігер толғағы қысқан әйел мен іштегі сәбиін өлтіріп алды
Туысы бетінен сүйген соң жаңа туған сәби шетінеп кетті
Атыраудағы сәбилер өлімі: қайғыдан қан жұтқан аналар перзентхананы тексеруді талап етті
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Кілт сөздер:
жүктілік, сәби өлімі, ана өлімі, Жезқазған
Загрузка...

Басты тақырып