Өңірлер

"Он сегіз жылға беріледі" Енді Алматыда 2 процентпен ипотека алуға болады

CC0 / Ashish_Choudhary / Ключи в руке
Ключи в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы және толық емес отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасы қолға алынбақ

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Енді Алматылық көпбалалы отбасылар 2 пайыздық ипотекамен баспаналы бола алады. Бұл туралы халық алдында есеп берген қала әкімі Бауыржан Байбек айтты.

Оның сөзіне сүйенсек, көпбалалы және толық емес отбасыларға арнап арнайы "Бақытты отбасы" бағдарламасы қолға алынбақ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Аким Астаны Бахыт Султанов на отчетной встрече с населением  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
"Алғашқы жарнаны төлей алмайтын 1276 көпбалалы және жалғызбасты отбасы тұр. Яғни, бұл санаттағы тұрғындарды жалпы кезектен бөліп алып, жеке көмектесетін боламыз. Нақты айтсақ, алғашқы жарна пәтер құнының 10 процентін құрайды. Кредит 2 процентпен 18 жылға беріледі. Ал, алғашқы жарнаны төлеу үшін 1 миллион теңге соммасында тұрғын үй сертификатын қала бюджеті есебінен қосымша бермекпіз", - дейді  Бауыржан Байбек.

Алматы әкімінің айтуынша, мұндай қаржыға құны 15 миллион теңгеден аспайтын жаңадан салынған үйлердің шағын көлемді пәтерлерін сатып алуға болады.

Сондай-ақ, "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасыда тәрбиеленіп отырған үздік оқушылар мен студенттерге стипендия беру де көзделген. Яғни, колледж, университет білімгерлеріне 10 мың, мектеп оқушыларына 5 мың теңге көлемінде қаржылай көмек жасалмақ. Одан бөлек балабақшаға баратын балаларға жеңілдік қарастырылады.  

Жаңалықтар
0