Өңірлер

Жауын-шашын және көктайғақ: демалыс күндеріне ауа райы болжамы

© Sputnik / Тимур Батыршинқар
қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23-25 ақпанға ауа-райы болжамы

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктердің хабарлауынша, Ресейдің еуропалық бөлігінде қатты қардың түсуіне себеп болған белсенді циклон Батыс Сібірге ығысады. Атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында ауа райына әсер етеді.

Ал, республиканың оңтүстік облыстарында Каспийден атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты жексенбі және дүйсенбі жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанның қалған облыстарында жауын-шашынның болуы екіталай.

23 ақпанда Астанада түнде 15 градус аяз болса, күндіз сынап бағанасы 10 градус аязды көрсетеді. Алматыда түнде 5 градус аяз, күндіз 2 градус жылы болады. Шымкентте түнде - 2 градус, күндіз  + 11 градусқа дейін жылынады.

24 ақпанда елордада түнде 16, күндіз 10 градус аяз болады. Оңтүстік астанамызда түнде ауа температурасы -1 градус болса, күндіз 7 градус жылылықты көрсетеді. Шымкентте түнде +1 градус, күндіз +10 градус жылы болады.

25 ақпанда Астанада түнде ауа температурасы - 17 градус болса, күндіз - 11 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде 0 градус, күндіз  + 5 градус. Шымкентте түнде +2 градус, күндіз +10 градус болады. 

Жаңалықтар
0