20:13 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Нұрсұлтан Назарбаев

"Халыққа жақын болу керек": Назарбаев әкімдерге ескерту жасады

© Sputnik / Владислав Воднев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Президент әкімдердің халық алдында есеп беру тәртібін өзгертуді ұсынды

Астана, 27 ақпан – Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге ескерту жасап, халыққа жақын болуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы әр облыстың даму қарқыны әртүрлі екенін атап өтіп, облыс әкімдерінің жұмысын сынға алды.

"Неге бір облыста жолдың сапасы жақсы, ал екіншісінде сын көтермейді? Неге бір өңірде тұрғын үй-коммуналдық қызмет тұрақты жұмыс істейді де, ал басқа жақта кемшіліктер кетіп жатыр? Демек, жұмыс істейтін әкімдер бар. Халықтың жағдайын түсініп, мәселесін шешіп береді. Бірақ халықпен сөйлесуден қашатын әкімдер де бар. Олар өңір тұрғындарының қажеттілігін елемейді. Әкім халыққа жақын болуы керек. Елдің тұрмысын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс", - деді Назарбаев Астанадағы "Нұр Отан" партиясының съезінде.

Сонымен қатар, президент жыл сайын өтетін әкімдердің халық алдында есеп беруіне тоқталды. Оның пікірінше, бұл шара ресми жиынға айналып кеткен.

Назарбаев білім саласындағы олқылықтар туралы айтты

"Әкім халыққа есеп беру кездесуін жылына бір рет өткізеді. Қазір бұл ресми жиынға айналып кетті. Негізінде әкім бір жылда әртүрлі санаттағы азаматтармен кездесуі керек, халық алдына шығып, есеп беріп кету үшін жыл бойы күтудің қажеті жоқ. Осыны дұрыс өткізуді ойластырайық. Түрлі бағдарламаға ақша бөлініп жатыр, бірақ халық нәтижесін көріп отырған жоқ. Ешкім түсіндірмейді. Бұлай болмауы тиіс", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, президент үкімет пен барлық әкімге халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге тапсырма берді.

"Біз үшін әр облыс стратегиялық тұрғыдан маңызды. Әр өңірдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға негізделген жаңа карта әзірлеуіміз керек", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңіріндегі әлеуметтік жағдайды зерттей келе, "Нұр Отан" партиясы жаңа бағдарлама жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағдарлама 3 жылға жоспарланып отыр.

"Өздеріңізге белгілі, елімізде үкімет ауысып, құрамы 70%-ға жаңарды. Облыстар мен министрлер кабинетіне қатысты мәселелер бар. Әкімдердің бәрі осы міндеттерді орындауға кірісуі қажет. Мен, үкімет, партия мүшелері, өңірлердегі партия ұйымдары - бәріміз бірге жұмылып, бүгінгі айтылған мәселелерді бақылауда ұстап, нақты іске көшуіміз керек. Құрылысқа бөлінген қаражатты қалай игеріп жатқанымызды білуге тиіспіз. Бұл оңай шаруа емес", - деді президент.

Сөз соңында мемлекет басшысы алға қойылған міндеттерді қалай орындау қажеттігіне тоқталды.

"Осының бәрін әр облыс, әр қала, әр ауыл бөліп алып, бірлесе қолға алатын болса, ешқандай қиындық болмайды. Әкімдер бұдан басқа не істеуі керек?", - деп Назарбаев сөзін түйіндеді.

Тақырып бойынша

Президент көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қалай қамтитынын айтты
Назарбаев: алдымызда президент сайлауы бар
"Халыққа көмек": Мемлекет басшысы жаңа жоба туралы айтты
Кілт сөздер:
әлеуметтік проблема, әкімдер, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып