22:09 20 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Такси көліктері

Алматыда такси жүргізуші шетелден келген жолаушыдан 23 мың теңге алған

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
444 0 0

Такси жүргізуші іссапармен келген әйелді Алматы әуежайынан қала орталығындағы қонақ үйге 23 мың теңгеге жеткізіп салған

АЛМАТЫ, 27 ақпан — Sputnik.  Алматыда әйел әуежайдан Сәтбаев – Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы қонақүйге дейін таксимен келгені үшін 23 мың теңге төлеген.

Жағымсыз жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарады. Онда такси жүргізуші іссапармен келген   әйелді Алматы әуежайынан қала орталығындағы қонақ үйге 23 мың теңгеге жеткізіп салғаны айтылады. Ол сонымен бірге 17 500 теңгене түбіртек жазып беріпті.

Алматы халықаралық әуежайы тергеу жұмыстарын жүргізіп, такси жүргізуші әуежаймен ресми келісімшарт жасаған AportTaxi такси компаниясына қатысы жоқ екенін анықтады.

"AportTaxi шынымен де Алматы әуежайының ресми серіктесі саналады: әуежайда жұмыс істейтін барлық көлікке компания логотипі мен телефон нөмірлері берілген, ал терминалдың жанындағы тұрақта оларға арнайы орын қарастырылған. Әрине, AportTaxi-дің барлық жолаушысы төлем туралы түбіртек алады", - деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Олар сондай-ақ тексеріс кезінде жүргізуші клиентке жол жүру ақысы туралы жалған түбіртек бергенін анықтапты.

"Түбіртек – қара-ақ түсті. Ал тасымалдаушының шын түбіртегі ашық жасыл түсті. Яғни жеке такси жүргізуші ксерокөшірмені пайдаланған", - деп түсіндірді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Тексеріс нәтижесінде жүргізушінің кім екені анықталды. Ер адам телефон арқылы әңгімеде бәрін мойындап, клиент Ресей рублімен есеп айырысқандықтан қателесіп кеттім деп ақталды.

"Ол қонақүйдегі әйелді тауып, артық төлеген ақшасын қайтарып беруге уәде етті. Бірақ таңертеңнен бері байланысқа шықпай,   қоңырауларға жауап бермей отыр", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша

Талдықорғанда такси жүргізушіні айуандықпен өлтіріп кетті
Зайсанда өскемендік такси жүргізушіні өлтіріп кетті
Такси жүргізуші зорлап өлтірген қыз 5 минут бұрын жанұшыра көмек сұраған
Төрт ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де қиянат жасады
Өскеменде үш жігітті мінгізген такси жүргізуші сан соғып қалды
Кілт сөздер:
Алматы, такси жүргізушісі
Загрузка...

Басты тақырып