13:53 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Архивтегі фото

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
94910

Шенеунік мүгедектерге бөлінген қомақты қаржыны жымқырған

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бөлінген 36 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Ол облыстағы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларымен келісіп, облыстағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды арнайы көліктермен қамтамасыз етуге бөлінген 36 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", -деді ол ұлттық бюрода өткен брифингте.

Арман Бердалиннің айтуынша, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары техникалық сипаттама талаптарына сәйкес келмейтін, әрі қымбат бағада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кресло-арбаларды жеткізумен айналысқан.

"Сот санкциясымен күдікті және оның 3 сыбайласына қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді директор.

Тақырып бойынша

Алматыда адвокат 315 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды
Қазақстанның фермерлер одағының басшысы жиналыс үстінде ұсталды
Астана әуежайы кеден бекетінің басшысы парамен ұсталды
Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды – видео
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, сыбайлас жемқорлық
Загрузка...

Басты тақырып