21:15 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Пара

380 мың теңге пара алып отырған: Түркістан облысында басқарма басшысы ұсталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
905 0 0

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының парақорлық фактісіне қатысы бары анықталған

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik.  Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс басқарма басшысы тұрақты түрде 380 мың теңге пара алып отырған деген күдікке ілінді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, ұлттық бюроның Түркістан облысындағы департаменті арнайы жедел іздестіру шаралары барысында облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы мен осы басқарманың лицензиялау бөлімі басшысының парақорлық фактісіне қатысы бары анықталған.

"Олар ЖШС директорының орынбасары арқылы Б. деген азаматтан серіктестіктің зерттеушілік қызметпен айналысуына мемлекеттік лицензия беру үшін 380 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Осы жылдың 27 ақпанында басқарма басшысы және оның жәрдем берушісі – ЖШС директорының орынбасары ұсталып, Түркістан мен Кентау қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деді ол брифингте.

Сонымен қатар департамент директоры кінәсін толық мойындауына байланысты бөлім басшысына қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмағанын,  тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Тақырып бойынша

Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды – видео
Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді - видео
Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды
Қазақстанның солтүстігінде әкім 3 миллион теңге парамен ұсталды
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, сыбайлас жемқорлық, пара
Загрузка...

Басты тақырып