Өңірлер

Мәжіліс депутаттары бас прокурорға өтініш жасады

© Sputnik / Владислав ВодневМәжіліс
Мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаттары Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуы салдарынан қауіптенеді

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Жайық-Каспий бассейніндегі су қоймаларында балықтардың жаппай қырылуына байланысты бас прокурор Қайрат Қожамжаровтан тергеу барысын жеке бақылауға алуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қайрат Пернешұлы, Жайық өзені суының нақты неден уланғанын анықтау үшін тергеу барысын жеке бақылауға алуыңызды сұраймыз", - деді депутаттық сауалды оқыған Артур Платонов.

Ол парламент депутаттары үкіметке жүгінгенін, алайда қалыптасып отырған қауіпті жағдайдың себептері туралы нақты ақпарат әлі күнге дейін жоқ екенін атап өтті.

Балық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жайық өзеніндегі өлі балықтар: министр түсініктеме берді

"Халықтың арам пиғылды сатушылардан сатып алған балықтан уланбайтынына еш кепіл жоқ", - деді депутат.

Айтуынша, зертханалық зерттеулер негізінде ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты комитет балықтардың жаппай қырылуының факторы ретінде аммиакты көрсеткен. Бірақ бұл тек болжам ғана, деді Платонов.

Мәжілісмен Атырау облыстық аумақтық инспекциясы балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын атап өтті.

"Кәсіпорындар мен иесіз жатқан, апатты мұнай кен орындарында тексерістер жалғасып жатыр. Құзырлы органдар әлі күнге дейін ресми қорытынды ұсынған жоқ, тергеудің неге сонша ұзаққа созылғанын да белгісіз. Егер ресми ақпарат болса, халық арасында түрлі қауесет тарамас еді", - деді Платонов.

Осы орайда депутат жүздеген тонна балық өлген суларды жергілікті тұрғындардың пайдалануына алаңдаушылық білдірді.

Жаңалықтар
0