13:57 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Тапанша

Қостанайдағы шабуыл: полицейлерден өш алмақ болған ер адамға сот үкімі шықты

© AP Photo / Rogelio V. Solis
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
189 0 0

Қостанай облысының тұрғыны жүргізуші куәлігінен айырғаны үшін полиция ғимаратына оқ атқан еді

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қостанайда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адамды он жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, ер адам өткен жылдың қазанында жүргізуші куәлігінен айырылған. Кейін ол көлігімен Меңдіқара АІІБ-ге келіп, ғимараттың терезесіне екі рет оқ атқан.

Сот ер адамды полицейлерге қастандық жасамақ болғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Бұған қоса, сотталушы аудандық полиция ғимаратының терезесін сындырғаны үшін 82 мың теңге материалдық шығын өтеді. Сонымен қатар, одан жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК, яғни 75 мың 750 теңге мәжбүрлі төлем алынды.

Тағы оқыңыз: Алматының қақ ортасында атыс болды

ВАЗ-21102 маркалы автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді. Полиция ғимаратына шабуыл жасаған кезде ол осы көлікпен келген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тақырып бойынша

Полицей әріптесіне оқ атты: қылмыскер мен жәбірленуші туыс болып шықты
Ер адам досын тиінмен шатастырып, көзіне оқ атты
Ит көлік жүргізіп келе жатқан қожайынына оқ атты
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: министр істің мән-жайын айтты
Кілт сөздер:
Қостанай, шабуыл, сот үкімі, полиция
Загрузка...

Басты тақырып