13:17 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
 Асқар Мамин Шымкентте жұмыс сапарымен болды

Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алды

© пресс-служба премьер-министра РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
249710

Үкімет басшысы мегаполистің индустриялық аймағын аралап, өндіріспен танысты  

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Шымкентте өзіне туфли сатып алды.  

Жұмыс сапары барысында Асқар Мамин үшінші мегаполистің индустриялық аймағын аралады. Премьер өндіріспен және қызметкерлермен танысу кезінде өзіне жергілікті өндірістің аяқ киімін сатып алды. Мамин қара түсті туфлиді таңдады, деп хабарлады otyrar.kz.   

Фабрика қызметкерінің айтуынша, Мамин аяқ киімге 12 мың теңгесін жұмсаған.  

Мамин бұған дейін Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараты салынатын алаңдарды тексерді. Нысандардың іргетасын осы айда қалап, 2020 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұған қоса, премьер-министр медиа орталық, конгресс-холл, спорт кешенін құрылысын аралап көрді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталып кеткен.

Кілт сөздер:
Шымкент, туфли, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып