12:44 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Архивтегі фото

Алматыда 2011 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыс әлемінің серкесі ұсталды 

© Sputnik / Евгений Одиноков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2326 0 0

Ол "Қылмыстық топ құру" және "Бопсалау" баптары бойынша халықаралық іздеуде болған

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан ІІМ бірлескен жедел іс-шараларын жүргізу барысында 1971 жылы туған қылмыс әлемінің серкесі ұсталып, қамауға алынды.

Қырғызстан Қылмыстық милиция қызметінің хабарлауынша, Шу облысында туған ер адамға 2011 жылдың тамыз айында Интерпол арқылы халықаралық іздеу салынған. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесі ретінде жедел тіркеуде тұрған. Оған "Қылмыстық топ құру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылып отыр.

Ұсталған адам тонау, қарақшылық, ірі көлемде ақша жымқыру, атыс қаруын заңсыз ұстау, адам ұрлау, бопсалау қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыс әлемінде беделі жоғары, бұрын "смотрящий" деген қылмыстық мәртебені иеленген, деп хабарлады АКИpress.

Ол Қырғызстан қылмыстық ортасының лидері – қырғыздардың арасынан шыққан алғашқы "қылмыс әлемінің серкесі" Қамшыбек Көлбаевпен бір камерада жазасын өтеген.   

Тақырып бойынша

Қырғызстанда іздеу салынған депутат Нью-Йоркке ұшып кеткен
Халықаралық іздеуде жүрген әйел Қазақстанға жеткізілді
Қазақстан 2,5 мыңнан астам адамға іздеу салды
Қазақстандық шекарашылар Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
Кілт сөздер:
қылмыс
Загрузка...

Басты тақырып