Өңірлер

Атыраудағы Наурыз мейрамында қазақстандық алып күш иесі әлем рекордын орнатты

© Sputnik / Владислав ВодневСергей Цырульников
Сергей Цырульников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сергей Цырульников 57 секундта 32 блокнотты жыртып үлгерді

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстандық балуан Сергей Цырульников 57 секундта 32 блокнотты жыртты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 5 мыңға жуық атыраулық Сұлтан Бейбарыс алаңындағы музыкалық-театрландырылған қойылымды тамашалады.

Ақназар Қажымұрат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Супермен емеспін, бірақ..." Рекорд орнатқан қазақ баласы нені армандайды?
Наурыз мерекесі аясында 45 киіз үй тігілген. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлық мейрамды 12 алаңда атап өтті.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзін ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевті еске алумен бастады.

"Полиция қызметкерінің отбасы үшін бұл орны толмас қаза. Қайтыс болған жігіттің анасы жақында отағасынан айырылды, кеше сүйікті ұлы ажал құшты. Өкінішке қарай, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз, сондықтан бір-бірімізді бағалайық. Наурызда ренжіскен адамдар татуласып, жақсылық тілеген. Баршаңызға денсаулық, өзара түсіністік пен отбасы жылуын, берекесін тілеймін" -деген облыс әкімі жиналғандарға полицейді бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды.

Кейін мерекенің құрметті қонағы, қазақстандық балуан Сергей Цырульников 57 секундта 32 блокнот жыртып, әлем рекордын орнатты.

Сергей Цирюльников 57 секундта 32 блокнотты жыртты
Атыраудағы Наурыз мейрамында қазақстандық алып күш иесі әлем рекордын орнатты - Sputnik Қазақстан
Сергей Цирюльников 57 секундта 32 блокнотты жыртты

Нұрмахан Жантөрин атындағы облыстық филармония оркестрінің концерті және ең әдемі киіз үй байқауы, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Сонымен қатар жергілікті уақыт бойынша 20.00-де (Астана уақыты бойынша 21:00-де) Сұлтан Бейбарыс алаңында жергілікті және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт болды. Ал 23.00-де (Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-де) атыраулықтар мерекелік отшашуды тамашалады.

Жаңалықтар
0