22:05 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды

Тапанша, оқ-дәрі және бір бума ақша: Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды

© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1480 0 0

Полиция көліктің жүк салғышынан травматикалық тапанша, оқ-дәрі және бір бума жалған ақша тапты

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы қаланың орталығында жедел қызметтердің арнайы сигналдары орнатылған Toyota Camry 70 көлігін тоқтатып, жүк салғыштан травматикалық қару, оқ-дәрі және бір бума жалған ақша тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші асып-сасып, құжаттарын көрсетудің орнына, қайта-қайта біреуге телефон соғыпты.

Тексеруді әрі қарай жалғастырған полицейлер ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ екенін, ал көлік мүлдем басқа адамға тиесілі екенін анықтайды. Toyota Camry 70 көлігін бұдан бұрын тіркеуден шығарып, басқа машинаның нөмірін тағып қойған.

"Көлікке арнайы қызметтер пайдаланатын дыбыс және жарық сигналдары орнатылған", - деп мәлімет берді құқық қорғау органдары.

Ал жүк салғышты тінткен кезде Baikal травматикалық тапаншасы мен бір қорап оқ-дәрі, басқа көліктерге тиесілі екі нөмір, рация және бір бума 100 долларлық жалған ақша табылды.

"Заттардың кімге тиесілі екенін, қайдан алғанын жүргізуші түсіндіре алмады. Көліктің өзінікі емес екенін ғана айтты. Оқиға орнына келген Toyota Camry 70 көлігінің заңды иесі де табылған заттарға қатысым жоқ дейді", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция әрбір құқық бұзшылыққа қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен бірге, травматикалық тапаншамен қаруланған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Toyota көлігі айып тұрағына қойылған.

  • Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
    Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
    © Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
  • Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
    Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
    © Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
  • Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
    Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
    © Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
1 / 3
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицейлер екі азаматты да Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Кілт сөздер:
ұстау, полиция, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып