16:59 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Әжей, архивтегі сурет

Алматыда сасып кеткен мәйітпен бір апта қамалып жатқан кейуана құтқарылды

CC0 / Free-Photos
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
671 0 0

86 жастағы кейуана бір апта бойы өз үйінде мәйітпен бірге қамалып, аш жатқан

АЛМАТЫ, 29 наурыз — Sputnik. Алматыда Нұркент шағын ауданындағы №75 үйде бір апта бойы қайтыс болған күтушісімен бірге үйінде қамалып жатқан қарт әжейді көршілері құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл оқыс жайтты Алатау аудандық ішкі істер басқармасының тіркегенін қалалық полиция департаменті де растады. Полиция мен жедел жәрдем көлігін кейуананы құтқарған көршілері шақыртқан екен. Олар бір сұмдықтың болғанын жаман иістен сезіп, есікті бұзып кіріпті.

"Алатау аудандық ішкі істер басқармасы бұл істі қазір тексеріп жатыр. Әйел адам қайтыс болған. Мұны көршілері хабарлады. Ол кісінің неден көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Негізі, денесінде зорлық белгілері жоқ. Ал әжей аман, қазір ол ауруханада",- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мың бұралып сексуалды би билеген әжей елді елең еткізді - видео

Ал орнынан қозғала алмайтын 86 жастағы әжей бір апта бойына ас-сусыз қалған боп шықты. Кейуананың ашыққанын қалалық денсаулық басқармасындағылар да нақтылап берді.

"Әжей бізге түскенде Кахексия диагнозымен түсті. Яғни, қатты жадап-жүдеген. Жағдайы өте ауыр. Жүрегінде ишемиялық ауруы бұрыннан болған. Аралас генезді энцефалопатиясы бар және құлағы да онша естімейді", - деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

102 жастағы қарияға әйел зорлады деген айып тағылды 

Тақырып бойынша

Немересіне дәмді ас әзірлемек болған әжей күтпеген олжаға кенелді
"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді
Польшада 90 жастағы әжей қазақстандық отбасыны іздеп жатыр
"Әлі дәрі ішіп көрген жоқ" 104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Астанада 70 жастағы әжей таксиде 6 миллион теңгесін тастап кетті
Жүзге толған әжей күйеуге шықты
Әжей бір ай ішінде 106 рет жедел жәрдем шақырған
Кілт сөздер:
құтқару, әже, мәйіт, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып