08:31 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Иллюстративті фото

Алматыда Олимпиада чемпионын тонап кетті

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1162 0 0

Дмитрий Баландин көлігінің айнасы ұрланғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің аумағында жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігі тоналды. Бұл туралы inAlmaty.kz хабарлады.

Спортшы көлігінің бүйір айнасы қолды болғанын дәмханада достарымен бірге түстеніп шыққаннан кейін байқаған. Ұрлық бір жыл бұрын көлік ұрылары әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіріп кеткен ауданда болған.

"Toyota Land Cruiser" көлігін Олимпиададан кейін сыйға тартып еді. Бір айнасы 400 мың теңге көлемінде тұрады. Біз Денис Денді өлтіріп кеткен жерге жақын маңда отырдық. Адамдар айна ұрлығын қоймапты, осыдан наразылық туындайды. Біздің халық өзгермейді", - деп мәлімдеді Дмитрий Баландин.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын. Осы жылы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерлерге үкім шығарды. Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.   

Тақырып бойынша

Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Астанада 400 полицей автокөлік базарларын тексеріп жатыр
Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты
Кілт сөздер:
ұрлық, Денис Тен, Дмитрий Баландин
Загрузка...

Басты тақырып