15:40 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Иллюстративті фото

Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4488 0 0

Клизма жасалғанына 5 күн болса да бала мазасызданғанын қоймаған, анасы дәретке отырғанда сәбиден қан түсіп жатқанын айтты

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 1 жасар Нұрислам Тасболат клизма жасау кезінде күйіп қалғанын аурухананың бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәрігердің айтуынша, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.

"Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Баланың күйгені рас.  Күю деңгейі – 1 процент", – деді ол.

Оқыс оқиғадан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та құлағдар болып шықты.

"Бұл туралы маған бүгін таңғы 7-де мәлімет келіп түсті. Қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Кімнің кінәлі екенін анықтайтын боламыз. Бұл жайтқа қатысты толық мәліметті кешке дейін беруге тырысамыз", - деді министр бүгін үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында.

Зардап шеккен баланың анасы Арайнұр Қалқаманның айтуынша, клизма жасалғанына 5 күн болса да балада маза жоқ.

"Жылап жатыр, дәретке отырғанда қан түседі. Дәрігерлер барлық жағдайды жасаймыз, алаңдама деп айтты. Әрине, маған баламның тез жазылып кеткені керек. Осыған құзырлы орындар назар аударса деп суреті мен видеосын желіге салдыртқаным рас", - дейді ол.

Бір жасар Нұрислам Тасболат 25 наурызда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Бала құсып, температурасы көтеріле берген. Оған ЖРВИ диагнозы қойылған. Тамырына тамшы дәрі жіберілген соң жағдайы оңалып келе жатқан. Алайда 28 наурызда баланы қараған дәрігер оған клизма белгілеген. Өйткені бала 3 күн бойы үлкен дәретке отырмаған. Ал медбике клизма жасаған кезде баланың жан дауысы шыққан.

"Бала секіргенде ондағы су аяғыма тиді. "Ыстық қой" деп едім, медбике елемеді. Үнемі осындай температура қолданамыз деді. Клизманы жасап болған соң қарасам баламның құйрығының терісі күйіп қалған. Қазір жағдайы өте ауыр, жылай береді", - дейді ол.

Тақырып бойынша

Ұрып кетті ме? Басқарма құлап жатқан дәрігердің видеосына қатысты түсініктеме берді
Дәрігер ота кезінде науқастан қомақты ақша талап еткен
Астанада дәрігердің науқасты неге тепкені белгілі болды
Қарағандыда 2 баланы өлтіріп алған дәрігердің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Кілт сөздер:
дәрігер, клизма, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып