Өңірлер

Шымкентте ыстық сумен клизма жасаған: тексеріс қорытындысы шықты

© Photo : congerdesignНәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тексеріс қорытындысы бойынша екі медбике жұмыстан қуылды, ал аурухананың бас дәрігеріне әкімшілік жаза берілді  

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Он айлық сәби медицина қызметкерінің әрекетінен зардап шекті – Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылған шаралар туралы хабарлады.  

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді
Естеріңізде болса, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында медбике балаға ыстық сумен клизма жасағанын, салдарынан нәрестенің құйрығы мен ішкі органдары күйіп қалғанын жазған едік.

Министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, баланың күю фактісі бойынша медициналық мекемеде тексеріс жүргізілді. Салдарынан тәуелсіз сарапшылар бірнеше заң бұзушылықты, оның ішінде тәжірибесі жеткіліксіз медбикенің емдеу шараларын жүргізуге жіберілгенін анықтады. Әйел емдеу шараларын жүргізу тәртібін бұзған, деп атап өтті ведомство.   

Тексеріс қорытындысы бойынша екі медбике жұмыстан шығарылып, аға медбике қызметінен алынды. Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігер қатаң сөгіс алды.

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері 45 айлық есептік көрсеткіш (110 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.   

Сондай-ақ тексеріс қорытындысы бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау орғандарына жолданады.  

Баланың жағдайы

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте медбикелер ыстық сумен клизма жасаған сәбиді шұғыл Алматыға жеткізді
Бала 3 сәуір күні санавиациямен Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығына  (Алматы) жеткізілді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда баланың жағдайы қалыпты.

"Тексеру кезінде құйрығының оң жақ бөлігі мен тік ішегін күйік шалғаны анықталды. Балаға ректоскопия жасалды, некроз және қан кетудің белгілері байқалмады. Тоқ ішектің қалған бөліктері өзгермеген. Бала консервативтік ем алып жатыр", - делінген хабарламада.

Баланы емдеу Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Жаңалықтар
0