15:35 24 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD377.18
  • EUR426.14
  • RUB5.98
Хирургтер

Маңғыстауда түрмеде отырған адамның ішінен пышақ шықты – видео

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
518 0 0

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, сотталған адам өлім аузынан қалған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері сотталған адамның ішіндегі скальпелді ота жасамай алып шықты, деп хабарлайды "Лада" порталы.

Басылымның жазуынша, 3 сәуірде түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адамның іші қатты ауырып, облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілген.

Дәрігерлер пациентті бірден рентгенге түсірген. Сотталған адамның ішінен бөгде зат тапқан хирургтер ақылдаса келе, науқасты эндоскопия және функционалды диагностика бөліміне жібереді. Содан соң дәрігерлер жазасын өтеушінің асқазанындағы скальпелді отасыз алып шыққан.

"Науқастың ішегінен скальпель табылды. Дәрігерлер оны операцияның көмегінсіз алып шықты. Пышақтың өткір ұштарына оралған скотч біртіндеп ери бастаған. Егер дәрігерлер дер кезінде жазасын өтеушіге көмектеспесе, ажал құшуы мүмкін еді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша

Қазақстанда жазасын өтеушілер түрмеге Геннадий Головкинді шақыруды сұрады
"Әлі де король". Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Шымкенттік педофилге неге xимиялық кастрация жасалмай қалғаны белгілі болды
Алматы облысы түрмесінде жазасын өтеушілер соққыға жығылғанын айтып, желіде видео таратты
Шығыс Қазақстанда жазасын өтеуші түрмеден қашпақ болды
Кілт сөздер:
жазасын өтеуші, түрме, Маңғыстау
Загрузка...

Басты тақырып