06:10 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Полицей

Көпірден секірген қызды құтқарып ажал құшқан полицей марапатқа ұсынылды

© Sputnik / Ксения Воронина
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
205 0 0

Полицейдің атына ашылған қайырымдылық шотына 29 миллион теңге аударылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік марапатқа ұсынылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сержант 21 наурызда қаза тапқан, ол Атырау қаласында Орал өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі ажал құшты.

"Ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына бір реттік емес, тұрақты негізде көмек көрсетіледі", - дейді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ақымғалиевтар отбасына материалдық көмек көрсетуді министр ерекше бақылауға алмақ. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қоры қаза тапқан батырдың отбасын қамқорлыққа алды.

ІІМ орталық аппаратының, өңірлік полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен құтқарушылар, Ұлттық ұлан әскерилері Шалқардың отбасына материалдық көмек көрсеткен. Арнайы банк шотына қызметкерлер өз еркімен 29 миллион теңге жинапты.

Ішкі істер министрі мен аймақтық бөлім басшылары қаза тапқан сержанттың отбасына көңіл айту жеделхаттарын жолдаған.

Шалқар Ақымғалиев туралы не білеміз

Шалқар 1994 жылы 1 сәуірде Атырау облысы Індер ауданында дүниеге келген. Көпбалалы отбасыдан шыққан. Үйленбеген әрі отбасының жалғыз асыраушысы еді. Полицияда қызмет етіп жүргеніне бес жыл толған болатын.

Кілт сөздер:
марапат, қаза, полицей, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып