03:19 21 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD380.56
  • EUR430.15
  • RUB6.02
Иллюстративті фото

Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті   

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1092812

Сот зорлықшыларға жазаны күшейтті, енді төртеуі де 8 жылдан түрмеде отырады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Балқаш қаласында қыз зорлағаны үшін сотталған полицей мен оның үш досына кесілген жаза күшейтілді.

Зардап шеккен қыз соттың үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірген еді. Нәтижесінде жаза мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылды, деп жазды Orken-media.kz порталы.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыс өткен жылдың мамырында жасалды. Төрт жігіт түнгі клубтан шыққан қызды көріп, оның соңына түскен. Олар жәбірленушіні көлікке күштеп мінгізіп, жағалауға алып келген, ұрып-соғып, кезектесіп зорлап, ойына келгенін істеген. Содан кейін ізін суытқан. Зорлықшылар ұсталды, олардың бірі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін болып шықты.

Сот үкімімен төртеуі де екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Үшеуі бес жарым жылға сотталса, біреуі бес жыл және үш айға бас бостандығынан айырылды.

Бойжеткен соттың үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірді. Қарағанды облыстық сотының алқасы жазаны күшейтті, енді төртеуі де 8 жылдан түрмеде отырады.

Тақырып бойынша

Құрылыс алаңына ерекше селфи жасауға барған оқушыларды зорлап кетті
Төрт ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де қиянат жасады
Танымал спортшы бірнеше жыл қатарынан сүйіктісін зорлап келген: әйел бәрін жайып салды
"Көлікте бір топ еркек отыр" Жолсеріктер зорлады деген қыз қысымға ұшырағанын айтты
Астанада екі жігіт жабылып қыз зорлады: біреуі 1,5 жылдан кейін Қырғызстанда қолға түсті
Кілт сөздер:
полицей, зорлау, Балқаш
Загрузка...

Басты тақырып