07:10 17 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Балалар батутта ойнап жүр

Ақтауда балалардың ойыны қайғылы оқиғаға ұласа жаздады – видео

© Sputnik / Владимир Федоренко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
378 0 0

Ата-аналар ойнап жүрген балаларды құтқарып үлгерді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Ақтауда Каспий теңізінің жағасында орнатылған батут қайғылы оқиғаға себепші бола жаздады, деп хабарлайды inaktau.kz.

Ақтаудағы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Батуттың кенеттен желі шығып, ойнап жүрген балалар құлай бастаған. Видеодан бүлдіршіндердің айғайлап, жылаған даусы естіледі.

Сол маңда жүрген ата-аналар дереу қимылдап, балаларды құтқарып қалды.

Тағы оқыңыз: Кішкентай қыз батуттың ішіне түсіп кетіп, өлім аузынан қалды

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстау облысы Қарақия ауданында қатты желден балалар ойнап жүрген батут аударылып қалған еді.  Салдарынан 14 бала зардап шеккен болатын. Олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді, төртеуі жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал жеті жасар қыз ауруханада бірнеше ай бойы ес-түссіз жатып, сол күйі есін жимастан көз жұмған еді.

Кілт сөздер:
батут, видео, балалар, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырып