07:45 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
Жігіт пен қыз

"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті

CC0 / PublicDomainPictures
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3642 0 0

Бойжеткен жігітімен бірге Жамбыл облысына кетіп, қайтып оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Алматы облысында ұшты-күйлі жоғалған Аружан Асхатқызына іздеу жарияланды.

18 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітпен Жамбыл облысына кетіп қалған. Содан бері оны көрдім деген жан жоқ. Ал жігіттің туысқандары қызды наурыздың 28-інде Алматыға қатынайтын автобусқа отырғызып жібергенін айтқан. Алайда қыздың анасы Венера Байзақованың айтуынша, Аружанды біреулер күштеп ұстап отыруы мүмкін. 

Көз жасын көл еткен Венера Байзақова қызы Қуандық Сайытов деген азаматпен әлеуметтік желі арқылы танысқанын айтады. Тіпті, Тараздан қызымды іздеп келген жігітке Есік қаласындағы үйімде бірге тұруға рұқсат бердім дейді анасы. Ал, наурыз айында Қуандық Аружанды туысқандарымен таныстыру үшін туған жері Жамбыл облысына жол тартқан, деп хабарлады КТК.   

"21-інде Таразға барған. Содан жоқ. 28-іне отырғызып жібергенбіз дейді.  Баланы не жерлерімді, не күлерімді білмеймін. Көзден жас кетпейді", - дейді Венера Байзақова.

Содан бері жанын қоярға жер таппаған Венера қызының ақыл-есінің дамуы тежелген, 3-топтағы мүгедек екенін жасырмады. Көңілінде әлдекім күштеп ұстап отыр деген күдік басым. Алайда, жігіттің анасы інімді бағатын адам жоқ деген Аружан санаулы күннен кейін кетуге бел байлағанын айтады.  

"Мен жұмыста едім, кетем жатыр деп үйдегілер шақыртып алды. Жалғыз өзіңді таксиге салып жібере алмаймын, түнде автобусқа отырғызып жіберемін, таңертең түсесің дедім. Автобсуқа отырғыздым. Жолақысын төледім. Әр жағында "маршуткамен" үйіне жетіп алу үшін де ақшасын бердім", - деп түсіндірді Қуандықтың анасы Клара.

"Сол жақтағы туысқандары қыз мүгедек екен деген. Сөйтіп қызымды жылатып, Тараздан қайтарып жіберген", - дейді Есік тұрғыны.
Алайда әзірге Аружан Асхатқызын Алматыдан көрдім-білдім деген жан жоқ. Жылай-жылай жанары суалған анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті, еріктілер тобы Жамбыл облысы бойынша іздестіру жұмысына кіріскен. Ал, Венара Байзақованың айтуынша, 18 жастағы Аружанның аяғы ауыр.

Тақырып бойынша

19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
Алматы облысында жоғалған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр
"Әр түні осы" Адам төзгісіз жағдайға тап болған алматылық әйелдің әңгімесі
Алматыда 22 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Астанада ұшты-күйлі жоғалып кеткен қыздың тағдыры белгілі болды
Кілт сөздер:
іздеу, бойжеткен, жігіт, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып