Өңірлер

Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ кілт тоқтатылды - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көктемнің аяқталар шағында Семей мен Өскеменде қар жауып, күн күрт суытты

АЛМАТЫ, 18 сәуір — Sputnik. Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымдағы 1-шіден бастап 9-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақтан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қандай жағдайда мектепте сабақ болмайды?

Бұл туралы облыстық білім басқармасына сілтеме жасап Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлімет берген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семей | Казахстан (@semey_city_)

"Білім басқармасының қаулысымен ауа-райы қолайсыздығына байланысты Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптардың оқушылары сабақтан босатылды", - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Семей мен Өскемендегі ауа райы

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін кешкісін Семейде сынап бағанасы -5, ал түнде -7, ал Өскеменде -3 градусқа дейін төмендеп, қар жауып, күн суытады. Ал күндізгі ауа-райы температурасы Семейде +3, Өскеменде +4 градусты көрсетіп тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семей | Казахстан (@semey_city_)

Ал әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бөліскен суреттері мен видеосынан қарды, көктайғақты, тұманды байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko)

"18 сәуір. Семей- Курчатов. Боран. Ертіс өзені, түк көрінбейді", - делінген бір видеоның астындағы жазбада.

2018-2019 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі

Жаңалықтар
0