08:28 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3341 0 0

Жамбыл облысында жол апатын жасаған автобус жүргізушісі қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жантүршігерлік апатқа кінәлі деген күдікке автобус жүргізушісі де ілікті. Ол екі айға тергеу абақтысына қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары айтты.  

Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды  

"Сол күні оның ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-ші бөлігі бойынша іс-әрекеті сараланып, аудандық соттың қаулысы негізінде 2 ай мерзімге қамаққа алынды. Яғни, көлік құралын жүргізуші  "екі немесе одан көп адамның өліміне ұштасқан жол қағида ережелерін бұзды" деген күдікке ілінді. Егер оның іс-әрекеті сотта дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Жарасқан Ақбердиев.

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат

Трагедия сенбі, 20 сәуір күні сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181-шақырымында болды.

Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

"Астана" арнасының мәліметінше, оқыс оқиға кезінде 12 адам көз жұмды. Қазір жеңіл көлік жүргізушілеріне қатысты да тергеу жұмыстары жүріп жатыр.   

Тақырып бойынша

ІІМ Қордай маңындағы жол апатынан кейін видео таратты
Қазақстандықтар да бар: ІІМ Қордайдағы апатта көз жұмғандардың азаматтығын жариялады
Қордай маңындағы апат: көз жұмған он бірінші адамның азаматтығы анықталды
Қордайдағы жантүршігерлік апат: Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Қордайдағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, автобус, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып