Өңірлер

Көзін байлап, далаға тастаған: жүк көлігін тоқтатқан жігіттер ұры болып шықты

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер 25 тонна бидайды ұрламақшы болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Петропавл - Жезқазған тас жолында КамАЗ жүргізушісін тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

19 сәуірде Арқалық қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 30 жастағы КамАЗ жүргізушісінен арыз түскен. Оның айтуынша, Жарқайың ауданы арқылы өтетін Петропавл - Жезқазған тас жолында бейтаныс азаматтар тоқтатып, тонап кетіпті.

Тағы оқыңыз: Нағашысы 9 жастағы жиенін көліктің артына байлап сүйреген - фото

Полицияның мәліметіне сәйкес, күдіктілер жүргізушінің көзін байлап тастаған. Зардап шегуші бірнеше сағат бойы күдіктілермен бір көлікте отырады, тонаушылар машинаны белгісіз бағытта айдаған көрінеді.

© Photo : Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіЖүк көлігі
Көзін байлап, далаға тастаған: жүк көлігін тоқтатқан жігіттер ұры болып шықты - Sputnik Қазақстан
Жүк көлігі

Тергеу барысында анылтақғандай, күдіктілер жүк көлігіне тиелген 25 тонна бидайды ұрламақшы болыпты. Көліктің дөңгелегі жарылып, жолда қалып қояды. Ақыры жүргізушіні жіберуге мәжбүр болған.

Содан кейін 30 жастағы көлік иесі Арқалық қаласына барып, полицияға арызданған екен. Ақшасы мен ұялы телефонын тонаушылар ұрлап кетіпті.

Тағы оқыңыз: Көкшетаулық жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, далаға тастап кетті

Шұғыл іздестіру барысында Қостанай қаласының 25 және 27 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0