05:24 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
Ат

Атырау облысының полиция бастығына ат мінгізді: министрлік видеоны тексеріп жатыр

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1764 0 0

Видео  желіде жарияланған соң қызметтік тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде тараған видеода Атырау облысының полиция департаменті басшысына ұқсас адамға ат мінгізеді.

Кадрларда сыйлық ретінде сәйгүлікке ие болған ер адам халықтың қошеметімен атқа мінген.

Тағы оқыңыз: Атырау әуежайында полиция қызметкері әйелге оқ атты - видео

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

Дүйсенбаев туралы не білеміз

Атырау облысының полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Аян Дүйсенбаев 1966 жылы дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Әр жылдары Атырау облысы ішкі істер басқармасының "Арлан" арнайы бөлімшесінің командирі,  ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы қызметін атқарды. Өңірдің полиция департаменті басшысы болып 2016 жылдың тамызында тағайындалған.

Казиноға қатысты шу

2018 жылы әлеуметтік желіде Аян Дүйсенбаевқа ұқсас азаматтың казинода ойнап отырған сәті түсірілген видео тарап кетті. Кейінірек ІІМ роликке қатысты берген түсініктемеге сүйенсек, видео 2014 жылы түсіріліпті, ол кезде Дүйсенбаев досымен бірге Минскіде демалыста болған екен.

Тағы оқыңыз: Қостанай полицейі 400 мың теңге пара алып жатып ұсталды

Ішкі істер министрлігі сендіргендей, ер адам ойынханаға досын алып кетуге барады. Дүйсенбаев құмар ойынын ойнамаған, бұған "2014 жылдың қазанында жүргізілген тексеру дәлел".

Кілт сөздер:
видео, ат, басшы, полиция, Атырау облысы
Загрузка...

Басты тақырып