Өңірлер

Семейде мұғалімдер мектеп түлегіне пәтер сыйлады

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еркежан Ерсінқызы қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінің қамқорлығында болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Семейде Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 19 жасар студент Еркежан Ерсінқызына бір бөлмелі пәтер сыйлады.

Қыз жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік және патронаждық қолдау көрсету туралы келісімнің арқасында өз баспанасына ие болды, деп жазды semeyainasy.kz порталы.

Мектеп ұжымы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлегіне пәтер сатып алу үшін тұрғын үй жинақ қорына 2013 жылдан бастап 6 жыл бойы ақша аударған.

Семейде колледж ұжымы жетім қызға бір бөлмелі пәтер алып берді   

19 жасар Еркежан Ерсінқызы 12 жасында тұл жетім қалған. Сәби кезінде әкесі, кейінірек анасы қайтыс болған. Соңғы бес жылда қыз туыстарымен бірге тұрыпты.

Қазіргі таңда Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде оқиды.  

Жаңалықтар
0