21:12 17 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.81
  • EUR430.27
  • RUB6.06
Көлік, архивтегі сурет

"Мұны тоқтату керек" облыс әкімі қымбат көлік сатып алуға тыйым салды

CC0 / pixabay.com
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
177 0 0

Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар сайтында 23 миллион теңгеге екі қызметтік көлік сатып алу туралы хабарландыру жариялаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік көліктерді сатып алуға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

21 мамырда Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар сайтында 23 миллион теңгеге (60 мың доллардан астам) екі қызметтік көлік сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Көлік С класс әрі 2019 жылы шығарылған болуы шарт деп жазылған. Талаптарға сәйкес, орындықтары жылытылатын, қозғалтқышының көлемі 2,4 литрден кем емес болуы керек.

Тағы оқыңыз: Әуежайды жөндеу кезінде 70 миллион теңге қымқырылды

"Қаржы басқармасына, аудан әкімдеріне қызметтік көлік сатып алмау жөнінде тапсырма беремін. Біз өткен жолы Петропавл қаласының әкімдігі жаңа қызметтік көлік сатып алғалы жатқанын анықтадық. Мұны тоқтату керек", - деді Құмар Ақсақалов дүйсенбіде өткен әкімдік жиналысында.

Сонымен қатар облыс әкімі қаржыны ауылдарды ауызсумен қамту, жол жөндеу, білім беру және денсаулық сақтау саласына бөлу қажеттігін атап өтті.

"Барлық қаржыны осы салаларға қайта бөлу керек. Ақшаны тиісті мақсатқа жұмсайық. Ал бұл күте тұрады. Ескі көлікпен де жүруге болады", - деп түйіндеді сөзін ол.

Тақырып бойынша

Cолтүстік Қазақстанда қызылша дерті өршіп барады: науқастар саны 100-ден асқан
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Петропавлда жолаушы толы автобус көше ортасында өртеніп кетті – видео
Петропавл әкімдігі 23 миллион теңгеге екі мықты көлік сатып алмақ
Петропавлда жойқын жарылыс болып, тұрғын үйдің қабырғалары опырылып құлады
Кілт сөздер:
әкім, көлік
Загрузка...

Басты тақырып