15:19 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Обручальные кольца

Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1604 0 0

Тұрғындардың көбісі әкеліктен бас тарту қайта қалпына келтіруге болмайтынын білген соң арызын қайтып алған

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Шымкенттік соттар ажырасу туралы өтініштердің астында қалды. Көптеген көпбалалы отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр.

Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр, деп хабарлады otyrar.kz.

"Ажырасуға өтініш беру көбейіп кетті. Әкеліктен бас тарту да аз емес. Аптасына 10-15 арыз түседі. Біз оларға барынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Олардың басты мақсаты — мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу. Әкеліктен бас тарту ол қайта қалпына келтіруге болмайтын процесс. Соны түсіндіргеннен кейін ғана көбісі арыздарын қайтып алады", - дейді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Тағы оқыңыз: Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді 

Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға беріледі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 20 789 теңгеге дейін көтерілді. Оған өтініш қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен басталды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикада 80 мыңнан астам отбасы 9,4 миллиард теңге жаңартылған атаулы көмек алды.

Тақырып бойынша

"Оның мінезі сондай" Әншілер не үшін ажырасып кеткенін айтты
"Жиһазды есептемеу керек": министр атаулы әлеуметтік көмек төңірегіндегі шуға нүкте қойды
Әр балаға – 21 мың теңге: 80 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
Әр балаға – 21 мың теңге: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды   
Пәтерге кезекте тұрған ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда не істеу керек?
Кілт сөздер:
Шымкент, ажырасу, көпбалалы отбасы
Загрузка...

Басты тақырып